13 Қазан, 2016

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің бұйрығы  №475 

185 рет
көрсетілді
31 мин
оқу үшін
  2015 жылғы 23 мамыр, Астана қаласы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті көрсететін мемлекеттік қызметтер регламенттерін бекіту туралы «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 2) тармақшасына сәйкес бұйырамын: 1. Қоса беріліп отырған: 1) «Мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтерді ұйымдардағы, елді мекендердегі және объектілердегі өрттердің алдын алу және сөндіру, өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету және авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу жөніндегі жұмыстарды жүргізу құқығына аттестаттау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес; 2) «Төтенше жағдайларды жою кезінде құтқару жұмыстарын жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын субъектілерді аттестаттау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес; 3) «Авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдарын тіркеу (есептік тіркеу)» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті (В.В. Петров): 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді; 2) осы бұйрықты мемлекеттiк тiркегеннен кейін күнтiзбелiк он күн iшiнде оны мерзiмдi баспа басылымдарында және «Әдiлет» ақпараттық-құқықтық жүйесiнде ресми жариялауға жолдауды; 3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары В.К. Божкоға жүктелсін. 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрінің міндетін атқарушы полиция генерал-лейтенанты М.ДЕМЕУОВ Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрі м. а. 2015 жылғы 23 мамырдағы №475 бұйрығына 1-қосымша «Мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтерді ұйымдардағы, елді мекендердегі және объектілердегі өрттердің алдын алу және сөндіру, өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету және авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу жөніндегі жұмыстарды жүргізу құқығына аттестаттау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті 1. Жалпы ережелер 1. «Мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтерді ұйымдардағы, елді мекендердегі және объектілердегі өрттердің алдын алу және сөндіру, өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету және авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу жөніндегі жұмыстарды жүргізу құқығына аттестаттау» мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) 010000, Астана қаласы, Орынбор көшесі, 8-үй, «Министрліктер үйі» әкімшілік ғимараты, 2-ші кіреберіс мекенжайында орналасқан Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 24 сәуірдегі № 394 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтерді ұйымдардағы, елді мекендердегі және объектілердегі өрттердің алдын алу және сөндіру, өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету және авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу жөніндегі жұмыстарды жүргізу құқығына аттестаттау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11308 тіркелген) негізінде көрсетеді. Өтініш қабылдауды және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беруді: 1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі; 2) «электронды үкімет» www.e.gov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырады. 2. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде. 3. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі – осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне 1-қосымшада келтірілген нысанда өрттердің алдын алу және оларды сөндіру, өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету және ұйымдарда, елді мекендерде және объектілерде авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу жөніндегі жұмыстарды жүргізу құқығына аттестат. 2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібінің сипаттамасы 4. Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімді (іс-қимылды) бастау үшін мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін алуға көрсетілетін қызметті алушының өтініші немесе электрондық сауалы негіз болып табылады. 5. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, орындау ұзақтығы: 1) көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің қызметкері қағаз тасымалдағышта келіп түскен мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға өтінішті Электрондық құжат айналымының бірыңғай жүйесінде тіркейді және оны көрсетілетін қызметті берушінің басшылығына қарауға жібереді, орындау ұзақтығы – түскеннен кейін 15 (он бес) минут; 2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы өтінішті қарайды және жауапты орындаушыны (бұдан әрі – орындаушы) белгілейді, орындау ұзақтығы – 2 (екі) сағат; 3) орындаушы өтінішті қарайды және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін алу құқығына өтініш пен құжаттар пакетін қарау бойынша жөніндегі комиссия (бұдан әрі – комиссия) отырысының күнін белгілейді және комиссия мүшелеріне комиссия отырысының күні туралы хабарлайды, орындау ұзақтығы – 2 (екі) сағат; орындаушы ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді, орындау ұзақтығы – 4 (төрт) сағат; ұсынылған құжаттардың толық еместігі фактісі анықталған жағдайда, орындаушы өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тарту туралы жауаптың жобасын дайындайды және жауаптың жобасын көрсетілетін қызметті берушінің басшысына қол қоюға береді, орындау ұзақтығы – 2 (екі) сағат; көрсетілетін қызметті берушінің басшысы өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тарту туралы жауаптың жобасына қол қояды, орындау ұзақтығы – 2 (екі) сағат; орындаушы өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тарту туралы жауапты кеңсе қызметкеріне береді, орындау ұзақтығы – 20 (жиырма) минут; кеңсе қызметкері өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тарту туралы жауапты Электрондық құжат айналымының бірыңғай жүйесінде тіркейді, орындау ұзақтығы – 20 (жиырма) минут; кеңсе қызметкері көрсетілетін қызметті алушыға (көрсетілетін қызметті алушының сенімхат бойынша өкіліне) өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тарту туралы жауапты береді не почта арқылы жолдайды, орындау ұзақтығы – 20 (жиырма) минут. 4) комиссия өтінішті қарайды, ұсынылған құжаттардың өрт қауіпсіздігі саласындағы заңнамаға сәйкестігін айқындайды және аттестаттау туралы шешім қабылдайды, ол осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне 2-қосымшада келтірілген нысанда комиссия отырысының хаттамасымен ресімделеді, орындау ұзақтығы – 13 (он үш) күнтізбелік күн; 5) орындаушы комиссия шешімін, көрсетілетін қызметті алушыға жауапты және аттестатты ресімдейді*. Көрсетілетін қызметті берушінің басшысына қол қоюға береді, орындау ұзақтығы – 2 (екі) сағат; 6) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы көрсетілетін қызметті алушыға жауапқа және аттестатқа қол қояды*, орындау ұзақтығы – 2 (екі) сағат; 7) орындаушы мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін кеңсе қызметкеріне береді, орындау ұзақтығы – 20 (жиырма) минут; 8) кеңсе қызметкері аттестаттау туралы жауапты Электрондық құжат айналымының бірыңғай жүйесінде тіркейді, орындау ұзақтығы – 20 (жиырма) минут; 9) кеңсе қызметкері көрсетілетін қызметті алушыға (көрсетілетін қызметті алушының сенімхат бойынша өкіліне) аттестаттау туралы жауапты (аттестаттау туралы комиссияның оң шешімі жағдайында – аттестаттау туралы жауап және аттестат) береді не почта арқылы жолдайды, орындау ұзақтығы – 20 (жиырма) минут. *Ескертпе. Аттестат көрсетілетін қызметті алушыны аттестаттау туралы комиссияның оң шешімі жағдайында ғана ресімделеді және қол қойылады. Керісінше жағдайда аттестат ресімделмейді. 6. Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімнің (іс-қимылдың) нәтижесі мынадай рәсімді (іс-қимылды) орындауды бастау үшін негіз болады: 1-іс-қимыл – Электрондық құжат айналымының бірыңғай жүйесінде тіркеу және кіріс нөмірін беру; 2-іс-қимыл – орындаушыны белгілеу; 3-іс-қимыл – комиссия отырысының күнін белгілеу және комиссия мүшелеріне комиссия отырысының күні туралы хабарлау; 4-іс-қимыл – аттестаттау туралы шешім; 5-іс-қимыл – комиссияның шешімі және көрсетілетін қызметті алушыға жауап. Көрсетілетін қызметті берушінің басшысына қол қоюға беру*; 6-іс-қимыл – көрсетілетін қызметті алушыға қол қойылған жауап және аттестат*; 7-іс-қимыл – кеңсе қызметкеріне мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру; 8-іс-қимыл – аттестаттау туралы жауапқа нөмір мен шығыс күнін беру: 9-іс-қимыл – мемлекеттік қызмет көрсетудің толтырылған карточкасы (көрсетілетін қызметті алушыға немесе көрсетілетін қызметті алушының өкіліне мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі қолға берілген жағдайда) не ішкі почта жөнелтілімін алу туралы хабарламада штрих-кодтың және белгінің болуы (көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі почта арқылы жолданған жағдайда). *Ескертпе. Аттестат көрсетілетін қызметті алушыны аттестаттау туралы комиссияның оң шешімі жағдайында ғана ресімделеді және қол қойылады. Керісінше жағдайда аттестат ресімделмейді. 3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимыл тәртібінің сипаттамасы 7. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіне көрсетілетін қызметті берушінің мына құрылымдық бөлімшелері (қызметкерлер) жұмылдырылады: 1) көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің қызметкері; 2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы; 3) жауапты қызметкер (орындаушы); 4) көрсетілетін қызметті берушінің бұйрығымен тағайындалған комиссия мүшелері. 8. Әрбір іс-қимылды өтудің блок-схемасы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне 3-қосымшада келтірілген. 4. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібінің сипаттамасы 9. Портал арқылы мемлекеттік қызмет көрсету процесінде іс-қимылдардың логикалық дәйектілігі арасындағы өзара байланысты көрсететін сипаттама осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне 4-қосымшада келтірілген. 10. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіндегі рәсімдер (іс-қимылдар) дәйектілігінің, көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелері (қызметкерлері) өзара іс-қимылының және мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібінің толық сипаттамасы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне 5-қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестері анықтамасында көрсетіледі. Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестері анықтамасы «электрондық үкіметтің» веб-порталында және көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурсында орналастырылған. 11. Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша қажетті ақпаратты және консультацияны саll-орталықтың 1414 телефон нөмірінен алуға болады. «Мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтерді ұйымдардағы, елді мекендердегі және объектілердегі өрттердің алдын алу және сөндіру, өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету және авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу жөніндегі жұмыстарды жүргізу құқығына аттестаттау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне 1-қосымша нысан Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы Аттестат №_____________ (аттестат нөмірі) Осы аттестат ___________________________________________________________________________________ (заңды мекенжайы) _____________________________________________________________________________________________ (мемлекеттік емес өртке қарсы қызмет атауы) _____________________________________________________________________________________________ (өртке қарсы қызмет түрі) ұйымдардағы, елді мекендердегі мен объектілердегі өрттердің алдын алу және сөндіру, өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету және авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу жөніндегі жұмыстарды жүргізу құқығына берілді Аттестаттың қолдану мерзімі __________ бастап ______________ дейін М.О. Төраға _____________________ ________________ (қолы) (Т.А.Ә. (егер бар болса) ________________________қаласы «Мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтерді ұйымдардағы, елді мекендердегі және объектілердегі өрттердің алдын алу және сөндіру, өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету және авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу жөніндегі жұмыстарды жүргізу құқығына аттестаттау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламетіне 2-қосымша Форма нысан Бекітемін: ____________________________ (аттестаттауды өткізуге жауапты органның лауазымды адамы) ____________________________ (тегі, аты-жөні) ____________________________ (күні) №____ аттестаттау (қайта аттестаттау) хаттамасы 20___жылғы «___»__________бастап 20___жылғы «___»__________дейінгі аралықта ________________________________________________________________________________________негізінде (аттестаттау өткізу туралы өтініштің кіріс нөмірі мен күні) комиссия мынадай құрамда: Комиссия төрағасы_____________________________________________________________________________ (лауазымы, тегі, аты-жөні) Комиссия төрағасының орынбасары ______________________________________________________________ лауазымы, тегі, аты-жөні) _____________________________________________________________________________________________ Комиссия мүшелері ____________________________________________________________________________ (лауазымы, тегі, аты-жөні) Комиссия хатшысы_____________________________________________________________________________ (лауазымы, тегі, аты-жөні) _____________________________________________________________________________________________ (мемлекеттік емес өртке қарсы қызмет атауы) __________________________________________________________________________________________өткізді (аттестаттау түрі) Ұсынылған құжаттарды қарау нәтижелері бойынша комиссия мынадай қорытындыға келді: _____________________________________________________________________________________________ (мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтің атауы) _______________________________________________________________________________________________ (өртке қарсы қызмет түрі) ұйымдарда, елді мекендер мен объектілерде өрттердің алдын алу және сөндіру, өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету және авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу жөніндегі жұмыстарды жүргізу құқығына аттестатталады (аттес­таттаудан өтпеді). Комиссия мүшелерінің қолдары: Комиссия төрағасы_______________________________________________________________________________ (қолы, тегі, аты-жөні) Комиссия төрағасының орынбасары______________________________________________________________ (қолы, тегі, аты-жөні) _____________________________________________________________________________________________ Комиссия мүшелері_______________________________________________________________________________ (қолы, тегі, аты-жөні) _______________________________________________________________________________________________ (қолы, тегі, аты-жөні) _______________________________________________________________________________________________ (қолы, тегі, аты-жөні) М.О. «Мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтерді ұйымдардағы, елді мекендердегі және объектілердегі өрттердің алдын алу және сөндіру, өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету және авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу жөніндегі жұмыстарды жүргізу құқығына аттестаттау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламетіне 3-қосымша Әрбір іс-қимылдың (рәсімнің) өту блок-схемасы *Примечание. Аттестат оформляется и подписывается только в случае положительного решения комиссии об аттестации услугополучателя. В противном случае аттестат не оформляется. «Мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтерді ұйымдардағы, елді мекендердегі және объектілердегі өрттердің алдын алу және сөндіру, өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету және авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу жөніндегі жұмыстарды жүргізу құқығына аттестаттау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламетіне 4-қосымша Мемлекеттік қызмет көрсету процесіндегі іс-қимылдардың логикалық дәйектілігінің өзара байланысын көрсететін сипаттама «электрондық үкімет» порталы арқылы «Мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтерді ұйымдардағы, елді мекендердегі және объектілердегі өрттердің алдын алу және сөндіру, өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету және авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу жөніндегі жұмыстарды жүргізу құқығына аттестаттау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламетіне 5-қосымша Мемлекеттік қызметті көрсету бизнес-процестерінің анықтамалығы Мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтерді ұйымдардағы, елді мекендердегі және объектілердегі өрттердің алдын алу және сөндіру, өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету және авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу жөніндегі жұмыстарды жүргізу құқығына аттестаттау (мемлекеттік көрсетілетін қызмет атауы) *ҚФБ - құрылымдық – функционалдық бірлік: көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимыл жасауы; - мемлекеттік қызмет көрсетудің басталуы немесе аяқталуы; - көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) ҚФБ рәсімінің (іс-қимылының) атауы; - таңдау нұсқасы; - келесі рәсімге (іс-қимылға) өту. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрі м. а. 2015 жылғы 23 мамырдағы №475 бұйрығына 2-қосымша «Төтенше жағдайларды жою кезінде құтқару жұмыстарын жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын субъектілерді аттестаттау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті 1. Жалпы ережелер 1. «Төтенше жағдайларды жою кезіндегі құтқару жұмыстарын жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын субъектілерді аттестаттау» мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) облыс орталықтарында, Астана және Алматы қаларында орналасқан Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті облыстардың, Астана және Алматы қалаларының төтенше жағдайлар департаменттері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 24 сәуірдегі № 394 бұйрығымен бекітілген «Төтенше жағдайларды жою кезіндегі құтқару жұмыстарын жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын субъектілерді аттестаттау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11308 тіркелген) негізінде көрсетеді. Мемлекеттік қызмет көрсету өтініштерін қабылдау және нәтижелерін беру көрсетілетін қызметті беруші арқылы жүзеге асырылады. 2. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: қағаз түрінде. 3. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі – осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінің 1-қосымшасында келтірілген нысан бойынша авариялық-құтқару жұмыстарының белгілі бір түрін немесе түрлерін жүргізу құқығына берілетін куәлік. 2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібінің сипаттамасы 4. Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімді (іс-қимылды) бастау үшін мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін алуға көрсетілетін қызметті алушының өтініші негіз болып табылады. 5. Мемлекеттік қызмет көрсету процесі құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, орындау ұзақтығы: 1) көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің қызметкері қағаз тасымалдағышта келіп түскен мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға өтінішті Электрондық құжат айналымының бірыңғай жүйесінде тіркейді және оны көрсетілетін қызметті берушінің басшылығына қарауға жібереді. Орындау ұзақтығы – түскеннен кейін 15 (он бес) минут. Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімнің (іс-қимылдың) нәтижесі өтінішті тіркеу болып табылады; 2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы өтінішті қарайды және жауапты орындаушыны (бұдан әрі – орындаушы) белгілейді. Орындау ұзақтығы – 2 (екі) сағат; 3) орындаушы өтінішті қарайды және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін алу құқығына өтініш пен құжаттар пакетін қарау бойынша жөніндегі комиссия (бұдан әрі – комиссия) отырысының күнін белгілейді және комиссия мүшелеріне комиссия отырысының күні туралы хабарлайды. Орындау ұзақтығы – 2 (екі) сағат. 4) комиссия өтінішті қарайды, ұсынылған құжаттардың азаматтық қорғау саласындағы заңнамаға сәйкестігін айқындайды және көрсетілетін қызметті алушыны авариялық-құтқару және кезек күттірмейтін жұмыстарды орындауға дайындығына тексеру жүргізу күні немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден дәлелді бас тарту туралы шешім қабылдайды, ол комиссия отырысының хаттамасымен ресімделеді. Орындау ұзақтығы – 13 (он үш) күнтізбелік күн. Аттестаттау комиссиясы аттестаттау процесінде мынадай іс-қимылдарды жүзеге асырады: құтқарушыларға (азаматтарға) кәсіби қасиеттеріне тестілеу және психологиялық тестілеу жүргізеді, сондай-ақ дене шынықтыру даярлығы бойынша нормативтерді орындайды; авариялық-құтқару және кезек күттірмейтін жұмыстарды жүргізуге құтқару техникалары мен авариялық-құтқару саймандарының және жабдықтарының бар-жоғын тексереді; Орындау ұзақтығы – 6 (алты) сағат. Комиссия көрсетілетін қызметті алушы қол қойып танысатын көрсетілетін қызметті алушыны аттестаттау нәтижелері туралы аттестаттау актісін жасайды. Орындау мерзімі – 4 (төрт) сағат. 5) орындаушы комиссия шешімін және көрсетілетін қызметті алушыға жауапты ресімдейді. Көрсетілетін қызметті берушінің басшысына қол қоюға береді. *Орындау мерзімі – 2 (екі) сағат. 6) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы көрсетілетін қызметті алушыға жауапқа және куәлікке қол қояды*. Орындау ұзақтығы – 2 (екі) сағат. 7) орындаушы мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін кеңсе қызметкеріне береді. Орындау ұзақтығы – 20 (жиырма) минут. 8) кеңсе қызметкері жауапты Электрондық құжат айналымының бірыңғай жүйесінде тіркейді. Орындау ұзақтығы – 20 (жиырма) минут. 9) кеңсе қызметкері көрсетілетін қызметті алушыға (көрсетілетін қызметті алушының сенімхат бойынша өкіліне) аттестаттау туралы жауапты (аттестаттау туралы комиссияның оң шешімі жағдайында – аттестаттау туралы жауап және куәлік) береді не почта арқылы жолдайды. 20 (жиырма) минут. *Ескертпе. Куәлік көрсетілетін қызметті алушыны аттестаттау туралы комиссияның оң шешімі болған жағдайда ғана ресімделеді және қол қойылады. Керісінше жағдайда куәлік ресімделмейді. 6. Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімнің (іс-қимылдың) нәтижесі мынадай рәсімді (іс-қимылды) орындауды бастау үшін негіз болады: 1-іс-қимыл – Электрондық құжат айналымының бірыңғай жүйесінде тіркеу және кіріс нөмірін беру; 2-іс-қимыл – бөлімнің жауапты қызметкерін (бұдан әрі – орындаушы) белгілеу; 3-іс-қимыл – комиссия отырысының күнін белгілеу және комиссия мүшелеріне отырыс күні туралы хабарлау; 4-іс-қимыл – аттестаттау туралы шешім; 5-іс-қимыл – комиссияның шешімі және көрсетілетін қызметті алушыға жауап. Көрсетілетін қызметті берушінің басшысына қол қоюға беру*; 6-іс-қимыл – көрсетілетін қызметті беруші қол қойған жауап және куәлік; 7-іс-қимыл – кеңсе қызметкеріне мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру; 8-іс-қимыл – аттестаттау туралы жауапқа нөмір мен шығыс күнін беру; 9-іс-қимыл – мемлекеттік қызмет көрсетудің толтырылған карточкасы (көрсетілетін қызметті алушыға немесе көрсетілетін қызметті алушының өкіліне мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі қолға берілген жағдайда) не ішкі почта жөнелтілімін алу туралы хабарламада штрих-кодтың және белгінің болуы (көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі почта арқылы жолданған жағдайда). *Ескертпе. Куәлік көрсетілетін қызметті алушыны аттестаттау туралы комиссияның оң шешімі болған жағдайда ғана ресімделеді және қол қойылады. Керісінше жағдайда куәлік ресімделмейді. 3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимыл тәртібінің сипаттамасы 7. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіне көрсетілетін қызметті берушінің мына құрылымдық бөлімшелері (қызметкерлері) жұмылдырылады: 1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері; 2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы; 3) жауапты қызметкер (орындаушы); 4) мемлекеттік қызмет көрсетуге жауапты мемлекеттік орган бұйрығымен тағайындалған комиссия мүшелері. 8. Әрбір іс-қимылды өтудің блок-схемасы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне 2-қосымшада келтірілген. «Төтенше жағдайларды жою кезіндегі құтқару жұмыстарын жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын субъектілерді аттестаттау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне 1-қосымша нысан Бақылау талоны Авариялық-құтқару қызметінің (құралымының) куәлігі № _____________________________________________ ______________________________________________________________________________________ берілді (заңды тұлғаның, өкілдіктің толық атауы, жеке тұлғаның толық тегі, аты, әкесінің аты) Куәлік берген орган ______________________________________________________________________________ (куәлікті берген органның толық атауы) Куәліктің берілген күні ____________________________________________________________________________ Басшы (уәкілетті тұлға)_____________________________ _______________ (тегі, аты-жөні) (қолы) - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - Авариялық-құтқару жұмыстарының белгілі бір түрін немесе түрлерін жүргізу құқығына куәлік ______________________________________________________________________________________ берілді (заңды тұлғаның толық атауы, өкілдік) ______________________________________________________________________________________________ ______________________________________________________________________________________ жүргізуге (авариялық-құтқару жұмысының түрі, объектінің атауы) ______________________________________________________________________________________________ Куәлік берген орган_____________________________________________________________________________ (куәлікті берген органның толық атауы) _____________________________________________________________________________________________ Басшы (уәкілетті тұлға)_________________________________________________________________________ (куәлікті берген орган басшысының (уәкілетті адамының) тегі және аты-жөні (уәкілетті орган) _______________________________________________________________________________________________ Куәліктің берілген күні 20__жылғы «____»____________ М.О. Авариялық-құтқару қызметінің (құралымының) куәлігі № _________ ________________________ қаласы «Төтенше жағдайларды жою кезіндегі құтқару жұмыстарын жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын субъектілерді аттестаттау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне 2-қосымша Әрбір іс-қимылдың (рәсімнің) өту блок-схемасы *Ескертпе. Куәлік көрсетілетін қызметті алушыны аттестаттау туралы комиссияның оң шешімі болған жағдайда ғана ресімделеді және қол қойылады. Керісінше жағдайда куәлік ресімделмейді. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрі м. а. 2015 жылғы 23 мамырдағы №475 бұйрығына 3-қосымша «Авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдарын тіркеу (есептік тіркеу)» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті 1. Жалпы ережелер 1. «Авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдарын тіркеу (есептік тіркеу)» мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) облыс орталықтарында, Астана және Алматы қалаларында орналасқан Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті облыстардың, Астана және Алматы қалаларының төтенше жағдайлар департаменттері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 24 сәуірдегі № 394 бұйрығымен бекітілген «Авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдарын тіркеу (есептік тіркеу)» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11308 тіркелген) негізінде көрсетеді. Мемлекеттік қызмет көрсету өтініштерін қабылдау және нәтижелерін беру көрсетілетін қызметті беруші арқылы жүзеге асырылады. 2. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: қағаз түрінде. 3. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі – осы мемлекеттік қызмет көрсету регламентінің 1-қосымшасында келтірілген тіркелімге авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдарын тіркеу. 2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібінің сипаттамасы 4. Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімді (іс-қимылды) бастау үшін мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін алуға көрсетілетін қызметті алушының өтініші негіз болып табылады. 5. Мемлекеттік қызмет көрсету процесі құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, орындалу ұзақтығы: 1) көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің қызметкері қағаз тасымалдағышта келіп түскен мемлекеттік қызмет көрсетуді алуға арналған өтінішті Электрондық құжат айналымының бірыңғай жүйесіне тіркейді және оны көрсетілетін қызметті берушінің басшылығына қарауға береді. Орындау ұзақтығы – келіп түскеннен кейін 15 (он бес) минут. 2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы өтінішті қарайды және жауапты орындаушыны белгілейді. Орындау ұзақтығы – 2 (екі) сағат. 3) орындаушы өтінішті қарайды және авариялық-құтқару қызметін немесе құралымын тізілімге тіркейді. Орындау ұзақтығы – 20 (жиырма) минут. 4) орындаушы көрсетілетін қызметті алушыға жауапты ресімдейді. Көрсетілетін қызметті берушінің басшысына қол қоюға береді. Орындау ұзақтығы – 2 (екі) сағат. 5) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы көрсетілетін қызметті берушінің жауабына қол қояды. Орындау ұзақтығы – 10 (он) минут. 6) орындаушы мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін кеңсе қызметкеріне береді. Орындау ұзақтығы – 20 (жиырма) минут. 7) кеңсе қызметкері жауапты Электрондық құжат айналымының бірыңғай жүйесінде тіркейді. Орындау ұзақтығы – 20 (жиырма) минут. 8) кеңсе қызметкері көрсетілетін қызметті алушыға (көрсетілетін қызметті алушының сенімхат бойынша өкіліне) жауапты береді не оны почта арқылы жолдайды. Орындау ұзақтығы – 20 (жиырма) минут. 6. Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімнің (іс-қимылдың) нәтижесі мынадай рәсімді (іс-қимылды) орындауды бастау үшін негіз болады: 1-іс-қимыл – Электрондық құжат айналымының бірыңғай жүйесінде тіркеу және кіріс нөмірін беру; 2-іс-қимыл – жауапты орындаушыны белгілеу; 3-іс-қимыл – тізілімге тіркеу; 4-іс-қимыл – көрсетілетін қызметті алушыға жауап. Көрсетілетін қызметті берушінің басшысына қол қоюға беру; 5-іс-қимыл –көрсетілетін қызметті берушіге қол қойылған жауап; 6-іс-қимыл – кеңсе қызметкеріне мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру; 7-іс-қимыл – тіркеу туралы жауапқа нөмір және шығыс күнін беру; 8-іс-қимыл – мемлекеттік қызмет көрсетудің толтырылған карточкасы (көрсетілетін қызметті алушыға немесе көрсетілетін қызметті алушының өкіліне мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі қолға берілген жағдайда) не ішкі почталық жіберуді алу туралы хабарламада штрих-кодтың және белгінің болуы (көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі почта арқылы жолданған жағдайда). 3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимыл тәртібінің сипаттамасы 7. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіне көрсетілетін қызметті берушінің мына құрылымдық бөлімшелері (қызметкерлері) жұмылдырылады: 1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері; 2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы; 3) жауапты қызметкер (орындаушы); 8. Әрбір іс-қимылды өтудің блок-схемасы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне 2-қосымшада келтірілген. «Авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдарын тіркеу (есептік тіркеу)» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне 1-қосымша нысан Тізілім Р/с № Тіркеу н-нөмірі Құра­лы­мн­ың атауы Жүргі­зілетін жұмыстың негізгі түрлері Заңды мекенжайы, теле­фоны Басшының аты-жөні, телефоны Куәліктің нөмірі және берілген күні Саны күні Тіркеуден шығару мерзімі Жеке құра­мның техникалар, жүзу құралдары және басқа да жабдықтар Өткен аттестаттау Келесі аттестаттау 1. 2. 3. 4. 5. 6. 7. 8. 9. 10. 11. 12. «Авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдарын тіркеу (есепттік тіркеу)» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне 2-қосымша Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылғы 24 маусымда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №11430 болып енгізілді.